“Отбасы -рухани жаңғыру негізі” ұранымен өткізілген “Отбасы-бақыт мекені” атты республикалық апталық

“Отбасы-бақыт мекені”  атты республикалық  апталықтың ашылу  рәсімі  05.09.17. күні  өткізілді.  Ашылу рәсімі  мектебіміздің психологы   Тлеубаева  Баян  Жетпісбаевнаның   отбасы  туралы   баяндамасымен  басталды.  

Мектеп  психологы   баяндамасында  отбасы   құндылықтарына   терең  тоқталып кетті.  Баяндама  соңында   барлық  оқушылар мен   ұстаздарға   ынтымақтастық ахуалын қалыптастыратын  тренинг өткізді.

Осы   күні  кітапханада  «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрме  апталық  бойы   жұмыс жасап, оқушыларға   ақпараттану  жағынан баға   жетпес  көмек   болды.

Апталық  басталған  күні  «Мен  және менің отбасым» тақырыбында сурет байқауы  басталып, аптылықтың  соңғы  күні өзінің  жеңімпаздарын анықтады. Отбасыға  байланысты  оқушылар түрлі-түрлі  суреттер салды.

Апталықтың екінші күні   «Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы»   тақырыбында  5-11 сыныптар арасында дөңгелек  үстел өтті.  Мектебіміздің  әлеуметтік  ұстазы  мен   психологі  бірігіп  әр түрлі  жатығулар, тренингтер өткізді.  Оқушылардың ата-аналары да белсенді қатысты.

 

08.09.17  күні  1-11 сыныптар  отбасыларының қатысуымен  “Өнерлі отбасы  сайысы” өтті. Отбасылар таныстыру, ән айту, қолөнер жұмыстары  кезеңдері  бойынша  сынға түсті.  Бас  жүлдені  7 сыныптың отбасы жеңіп алды.

Апталықтың қорытынды  іс-шарасы «Әкем,шешем және мен- спортшы жанұямыз» отбасылық  спорт  жарысы болды.