Мұғалімдер күні

28 қыркүйек  күні қазан айының  алғашқы  жексенбісіне келетін  мұғалімдердің кәсіби мерекесі  аталып өтті.  Салтанатты іс-шараны  өткізуге 11 сынып оқушылары  жауапты болды. 11 сынып оқушылары өзін-өзі басқару күнін жақсы ұйымдастырып, мұғалімдерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Мұғалімдердің  қатысуымен  алғашқы  3 сабақты қызықты ұйымдастырды.  Сабақтардан кейін мерекелік  сап түзеу болып,   барлық оқушылар мұғалімдерге  құттықтауларын айтты. Мереке  оқушылардың  ұйымдастырған  мерекелік  концертімен   аяқталды.