Қарттар күніне орай Тимур командасының жұмысы

30 қыркүйек Мектебіміздің 6 – 7 сынып оқушыларынан жасақталған қайырымдылық тобы әр оқу жылында селолық еңбекпен қамту бөлімшесінен селодағы жалғызбасты қарттар мен Ұлы отан соғысы және тыл ардагерлеріне үй шаруасына көмек береді. Осындай игі істің бірі 6 – 7сынып оқушыларының қайырымдылық тобы ауылымыздың  қариясы, ұлты поляк, тыл ардагері Пестрицов Геннадий Васильевич атаның үйіне барып, үй шаруаларына қол ұштарын берді. Олар бақшадағы жерге түскен жапырақтарды жинап, есік алдын сыпырды. Оқушы бойына рухани-адамгершілік нәрін құюды көздеген мұндай іс-шаралардың сонымен жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімдерін де оятатыны сөзсіз. Оқушылардың келіп, үй шаруасына көмектескеніне ол кісі өзінің ризашылығын білдірді.