Мектеп Ұланбасының сайлауы

15 қыркүйек мектебімізде Ұланбасының сайлауы өтті. Сайлауға 3 үміткерлер тағайындалды.Олар барлық ұстаздар мен оқушыларға сайлауалды өз бағдарламаларын ұсынды. Үміткерлеріміз 9 сынып оқушысы Капен Анель, 8 сынып оқушысы Ермағамбет Аружан, 8 сынып оқушысы Азанова Диана.Сайлауға ұстаздар мен оқушылар және де мектебіміздің директоры Богенбаев Б.Р. қатысып дауыс берді. Сайлау жәшігін ашуға комиссия мүшелері құрылды. Сол шешіммен Ермағамбет Аружан 58 ұпай дауыс жинап, мектеп Ұланбасы атанды.