“Алтын күз” мерекесі

Оқушылардың ерекше күтетін  мерекелерінің  бірі “Алтын күз” мерекесі. Күзгі мереке мектебімізде екі кезеңде өтті:  1. Бастауыш сыныптар  арасында. 2. Орта және жоғары буын оқушылары арасында.  Бастауыш сыныптар арасында өткен  іс-шараға 2 сынып жетекшісі Ботагоз Салимкызы жауапты болды. 1 сынып жетекшісі Жибек Жалмуханбетовна  ұйымдастыруға көмектесті. Бастауыш сыныптарымен бірге мектепалды даярлық тобының  тәрбиеленушілері  де  белсене қатысты.  Батауыштар арасындағы сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1. Жарнама 2. Күзгі стол  3. Пародия.   Сонымен қатар әр сыныптан    бас жүлдені  сарапқа салу үшін жұптар қатысты.  Сайыстың қорытындысы бойынша сыныптар арасында 1 орынды 2 сынып, 2 орынды МАД,  3 орынды  4 сынып оқушылары иеленді. Ал жұптар арасындағы  сайыста “Жұлдызды жұп” атағына  ие болған  4 сыныптың жұбы. 

Орта және жоғарғы сыныптар арасындағы іс-шараға  9 сынып оқушылары және сынып жетекшілері Гульзат Кубейсиновна  жауапты болды. сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1. Күзгі стол

2. Қабырға газеті

3. Пародия

4. Ән

5.Көрініс

Сайыстың қорытындысы бойынша  5-7 сыныптар арасында:

І орын-6 сынып

ІІ орын-5 сынып

ІІІ орын-7 сынып

8-10 сыныптар арасында:

І орын-10 сынып

ІІ орын-8 сынып

ІІІ орын-9 сынып.

“Күз аруы” мен “Күз сұлтаны” сыйысында   5-7 сыныптар арасында:

І орын-5 сынып

ІІ орын-6 сынып

ІІІ орын-7 сынып

8-10 сыныптар арасында:

І орын-9 сынып

ІІ орын-10 сынып

ІІІ орын-8 сынып.

Сайыс аяқталған соң  сыныптар  өздерінің  дайындаған  күзгі  дастархандары  басында  мерекелік  көңіл-күймен қауышты.

Мерекенің  қорытындысы ретінде  оқушыларға  би кеші  ұйымдастырылды.