11 қазан Халықаралық қыздарды қорғау күніне арналып, 4–13 қазан аралығында онкүндік іс – шарасы өткізілді.

Онкүндіктің іс-шараның мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.

4 қазан күні психолог Г.К.Жиенбаева және тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ш.Н. Шырылдакова бірге «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыбында баяндама, (презентация) өтілді.

5 қазан күні тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ш.Н. Шырылдакова, аға тәлімгер (вожатый) Ж.А. Найманбаева және кітапханашы А.А. Садвакасова бірге «Қызға нәзіктік жарасады» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

                                                          

8 қазан күні 1-11 сыныпта қыз балаларға арналған «Менің құқығым» атты тәрбие сағаттары өтілді. 9 қазан күні 1-4 сыныптарда сынып жетекшілері қыз балалар арасында    «Мен қандаймын» тақырыбында суреттер сайысы өткізілді. 10 қазан күні психолог Г.К.Жиенбаева және мектептің медбикесі бірге «Қыздар гигиенасы» тақырыбында сұхбат әңгіме жүргізді.

 

11 қазан күні тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ш.Н. Шырылдакова, «Құқығың бұзыла ма?» тақырыбында 5-11 сынып қыз балаларынан сауалнама алды.  12 қазан күні өзін – өзі тану пәні мұғалімі А.С. Мукатаева  «Әдеттен озбайық» атты тақырыпта 5-11 сынып қыздарының арасында дебат өтілді.

 

12 қазан күні әлеуметтік педагог Г.К. Жиенбаева 9 – 11 сынып қыздарымен

«Жыныстық тәрбие» атты тақырыбында әңгіме жүргізді