12 наурыз күні Чкалов селолық округінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша Тайынша ауданыдық мобильдік тобының отырысы өтті. Отырысқа Тайынша аудандық прокуратурасының прокуроры Ибраев А.Қ. аудандық ББ жетекшісі Игибаева Г.С. Чкалов селолық округінің әкімі Садвакасов С.Т. Тайынша аудандық емханасының психологі Михайлева Л.А. және ата-аналар, мұғалімдер қатысты. №1 Чкалов орта мектеп директоры Галицкий Б.В. №2 Чкалов орта мектеп директоры Богенбаев Б.Р. Петровка орта мектеп директоры Валяева Л.П. Мектептегі жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.