№2 Чкалов орта мектебінің үздік шәкірті, түрлі сайыстардың жеңімпазы, 11-сынып оқушысы Бақыт Жанель Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VІ Республикалық «Ясауи» олимпиадасына қазақ әдебиеті бойынша қатысып, І дәрежелі дипломды иеленді. Сонымен бірге, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін оқу грантына ие болды. Жүлделі орнымен құттықтап,талапты шәкіртімізге үнемі биіктерден көріне берсін, алдағы өмірінде сәттілік серік болсын дейміз.