Шығарма сайысы / Конкурс сочинений

Еліміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың

  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында

шығарма сайысы өтті.

Еліміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында барлық білім беру орындарында 12 сәуір күні жастардың болашаққа көзқарасын қалыптастыру мақсатында шығарма сайысы ұйымдастырылды.

Осыған сәйкес №2 Чкалов орта мектебінде де қазақ және орыс тілдерінде 9-10-сынып оқушылары арасында шығарма сайысы өтті. Оқушылар шығармада «Ұлы даланың жеті қырының»  алты бағытын қамтыған. Оқушылар бұл тақырыптарды жан-жақты ашып, өз қөзқарастарын тереңінен көрсете алған.

Шығарманың нәтижесін қорытындылай келе шығармалардың ішіндегі ең үздігі болып, осы уақытқа дейін үнемі өзін сынға салып, жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жүлделі орын иеленіп жүрген 9-сынып оқушысы Ермағамбет А. танылды. Аружан өзінің шығармасында  бүгінгі таңда мектеп қабырғасында жүргендегі жетістіктерін ,осы көрегенді, ел болашағын ойлайтын саясатпен байланыстыра отырып жазған.

Сонымен қатар  10-сынып оқушыларынан  Жарасхан Ақерке иеленді. Ақерке өз шығармасын керісінше, болашақтағы өзінің жоспарымен байланыстыра алған. Бұндай іс-шараның оқушы үшін маңызы зор.Олардың болашаққа деген сенімдерін арттырып, патриоттық сезімдерін арттырады.Және де халқының болашағын ойлайтын азамат болып өсуіне бағыт- бағдар береді. Алдағы уақытта да іс-шаралар өз жалғасын таба алады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Шауенова А.Б.

Конкурс сочинений по статье первого президента Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи»

В целях формирования у молодежи прогрессивного мировоззрения и развития интереса к истории родного народа в Чкаловской средней школе №2 был проведен конкурс сочинений, посвященный статье первого президента Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи» на казахском и русском языках. В конкурсе участвовали учащиеся 9-10 классов. Авторами лучших работ стали ученица 9 класса Ермағамбет Аружан  и ученица 10 класса Жарасқан Акерке.

Проведение таких мероприятий является актуальным для развития молодежи и найдет свое продолжение в рамках месячника патриотического воспитания.

Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Фазылова Р.Г.