«Талаптың мініп тұлпарын» дегендей 14-15 мамыр күні 2019 жылы, Чкалов №2 орта мектебінде 11 сынып оқушылары Болдбек Еркегүл, Серікпай Фариза Халықаралық Қожа Ахмет Яссауи университеті ұйымдастырған «Дінтану» пән олимпиадасына қатысып облыс дәрежесін қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыздың биіктен көрінуіне, білімді сынаққа түспек дауадан оза шауып жүлделі орындардан көрінуіне ұзтазы жоғары санатты мұғалім Шырылдақова Шолпан Негметовнаның еңбегі шексіз. Өзі дайындап, қамқор болып осы олимпиадаға алып барып, сайысқа қосқан әріптесімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Серікпай Фариза, Болдбек Еркегүлде жүлделі орынға ие болды. Ал, Болдбек Еркегүл Қожа Ахмет Яссауи атындағы Түркістан қазақ-түрік Университетінің оқу грантына ие болды. Шәкіртімізге құтты болсын!Жолың ылғи да ашық болсын дейміз