Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осында тұлғалардың бірі мектебіміздің зейнеткер ұстазы -Мукажанова Майра Хамитқызы. Майра Хамитқызы 1946 жылдың 20 желтоқсанында Аққұдық ауылында дүниеге келген. 1965 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетіне филология факультетіне түсті. 1972 жылы оны аяқтады. Еңбек өтілі:42 жыл.1997-2007 жылдар арасында Чкалов №2 орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып істеді. 2000 жылы Чкалов №2 орта мектебінің ашылуына үлес қосқаның үшін сізге алғысымыз шексіз. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан, шәкірт жүрегіне гүл екен, бала жанының бағбаны болған аяулы ұстаз. Құрметті Майра Хамитқызы сізді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Мытқы денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!