Шәкірттеріне тек білім ғана емес адами қасиеттерді ұялатып, өз өмірімен үлгі бола білген тұлғалардың бірі – Тулетаева Кулжамила Нұрабайқызы. 31.07.1945ж. дүниеге келген. 1970 жылы Қарағанды педагогикалық институтын химия – биология пәні маманы ретінде бітіріп, еңбек жолын бастаған. Еңбек өтілі: 40 жыл.Чкалов №2 орта мектебі ашылғаннан бастап, биология мен химия пәндерінен дәріс беріп, оқушылардан өз білгенін аямай еңбек еткен. Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салғаны айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болған тұлға.Сондықтан Кулжамила Нұрабайқызын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізді.Құрметті Кулжамила Нұрабайқызы сізді ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз, денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!!!