30 сәуір күні 1 – 11 сыныптар арасында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған сынып сағаттары болып өтті. Республикалық «Бірлік және келісім» атты тақырыбының аясында бірыңғай сынып сағаттары. Сынып сағаттары түрлі тақырыптардан презентациялық слайдтарды пайдалана отырып қашықтан оқыту жүйесінде ZOOM платформасын пайдаланып ұйымдастырылды. Сынып сағаттары «Берек – бірлікте», «Ырыс алды, ынтымақ», «Бірлігіміз жарасқан, елміз», «Бірлік түбі – береке», «Бірлік пен татулық», «Бірлі, достық, бақыт», атты тақырыптарды қамтыды.