.Досымызды сақтай білген елміз…

СҚО
Тайынша ауданы
Чкало селосы
«№2 Чкало орта мектебі» КММ-і
8-сынып оқушысы
Болатбек Құралай
Жетекшісі: Шауенова А.Б.
Тақырыбы: Досымызды сақтай білген елміз…

Досымызды сақтай білген елміз…
(1-мамыр мерекеге арнаймын)

«Біз -қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Жылқы қылын найзасына таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Қазыбек би.
Қандай керемет сөздер! Қаншама оқысаң да көзің сүрінбейді,керісінше оқи бергің келеді. «Досымызды сақтай білген елміз, Дәм-тұзды ақтай білген елміз»,- сонау ғасырда айтылса да, бүгінгі күнгі қазақ еліндегі тіршілікті де дөп басқандай. Бүгінгі 1- мамыр мерекесін сөзбен қалықтатқандай.
Бүгінгі күннің мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау болса, би бабамыздың жалынды, от шашқан сөздері де осыны дәлелдегендей.
Және бұдан тағы нені байқадым, бұл мерекенің астары сонау тарих қойнауынан бастау алғанын.
Неге десеңіз? Қазақ халқы –ежелден татулық пен бірлікті жақсы көрген, ағайын мен мен туыстың, көрші-қолаң мен жақын-жаранның бір-бірімен, сыйлы, бауырмал болғанын қалаған- халық.
Сондықтан рудың, елдің үлкендері мен сыйлы, құрметті адамдары жан-жағына, айналасына ақылы мен кеңесін айтып, ұрпақтарына өсиет қалдырып, елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауға тырысқан.
Соның арқасында осынау Атыраудан Алтайға дейінгі атырап даланы аман алып қалды десек болады. Қазақ ынтымақ пен бірлікті сүйген халық болғандығын, қазақ тілінде де татулықты білдіретін, сонымен мәндес сөздердің көптігінен көруге болады.
Мысалға мынадай сөздердің: «бейбітшілік, тұрақтылық, мәміле, ымыра,бауырмалдық, уағда, уағдаластық, бітім, бітімгершілік, тұтастық, бірлік, ырыс, ынтымақ, ынтымақтастық, береке бірлік, сыйластық, тыныштық, туысқандық, ауызбіршілік, үйлесімділік, бүтіндік, бүтіншілік, жарастық, бәтуа, мақұлдық, бітісу, ұйымшылдық, тілектестік, т.б.» көп қолданыста болғандығы елімізде ерте кезден бейбітшіліікті қалағанын көруге, түсінуге болады.
Қазіргі кезде де еліміз осы ұстанымды ұстанып- көпұлтты, көп этнос қоныстанған ел болып отырмыз. Еліміз өз ішінде ғана емес сыртқы елдермен де, шекаралас көршілерімен де келісімде, бітімде болуға тырысады.
Оған тағы бір дәлел келтіре кетсем: бүгінгі күні әлемді үрейлендіріп отырған «COVID-19» кеңінен жайылып отырғанда, өз еліміздің ғана ішіінде емес, көршілес мемлекеттерге де қол ұшын созып, азық- түлік т.б. көмектерін ұсынуы.
Қиын-қыстау кезінде халқымыздың жомарттығын, бейбітшілікті қалайтындығын, тұрақтылығын тағы бір дәлелдеп отырмыз. Және менің тағы бір нәрсеге көз жеткізгенім достық, татулық, уәделестік, ынтымақтастықты тек: ән-бимен көрсетуге ғана болатындығы емес, басқаша да таныта алатындығымыз.
«Бір жаманның артынан, бір жақсылығы бар» демекші бұл да бүз үшін, өскелең ұрпақ үшін сабақ болады деп ойлаймын. Және де татулық пен ауызбіршілікті бәрінен де жоғары қойған да ғана біздің еліміздің тамыры тереңге жайыла беретінін түсіндім. Тамыры тереңге кеткен елде бейбітшілік пен тұрақтық болады дегенді сеніммен нық айта аламын. Қорыта келе айтарым: «Досымызды сақтай білген елміз, Дәм-тұзды ақтай білген елміз»,- деген қазыбек бидің сөзінің мәнін енді түсінгендеймін.
Еліміз тыныштықта болсын!