Хаттамалар

Қамқоршылық кеңесінің І жартыжылдық

бойынша атқарған жұмыстарының есебі.

 

Білім беру ұйымына қолдау көрсету,  материалдық-техникалық базасының нығаюына үлес қосу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында   Қамқоршылық кеңесі жұмыс жүргізіп келеді. Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары.

Қамқоршылық жұмысының  алғашқы  жұмысы мектептің  жаңа  оқу жылына  дайындалуына байланысты жөндеу  жұмыстарына көмек көрсетуден басталды.

Кеңес мүшелерінің жұмыс істеуімен мектептің спорт бойынша инвентарын толықтыру үшін Чкалов ауылының тұрғындарының  атап айтатын болсақ (Адьят Ержан, Медет, Қанат, Марат және Болат Амиржановтар және Арман Бекмаганбетов)  демеушілік жасауымен  жалпы саны 7 (жеті) доп, оның ішінде,(2 дана баскетбол добы, 2 дана футбол добы, 3 дана волейбол добы) 10800 (он мың сегіз жүз) теңгеге сатып алынды.

Демеушілер көмегімен  мектеп және ауыл әкімшілігі мен бірге көп балалы және әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар жанұялар тізімі бекітіліп, сол тізім бойынша Чкалов ауылының азаматы Абдикеев Сайранның демеушілігімен оқушыларға жалпы 50 (елу мың) теңге қаражатына оқу құралдары және заттай сыйлықтар берілді.

Мектепте оқушылардың арасында «Жасыл шырша» жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуде, Қамқоршылық кеңесінің жұмыс істеуімен демеушілер тауып төменде көрсетілген жеке кәсіпкерлер 33 (отыз үш мың) теңге көлемінде көмек көрсетті.

  • «Астана-2010» ЖШС – 5000 (бес мың) теңге;
  • ИП «ЖАСЛАН» – 5000 (бес мың) теңге;
  • ИП «Жусипов» – 3000 (үш мың) теңге;
  • ИП «Кадырбаев» – 2000 (екі мың) теңге;
  • Дүкен «Радуга» – 2000 (екі мың) теңге;
  • Дүкен «Гермес» – 2000 (екі мың) теңге;
  • ИП «Олжас» – 10000 (он мың) теңге;
  • Дүкен «Космос» – 2000 (екі мың) теңге;
  • ИП «Нысанбаев К.С.» – 2000 (екі мың) теңге;

Петровка елді мекенінде орналасқан ЖШС Агрофирма “Эксимнан” мектебімізге арнап 10 (он мың) теңге көлеміндегі қаражатқа, бір жәшік кәмпиттерін сыйға тартты. Бұл кәмпиттер жаңа жылдық шырша мерекесінде  оқушыларға сыйлық есебінде таратылды.

Қорыта келе 2018  – 2019 оқу жылының бірінші жартысында Қамқоршылық кеңесі  демеушілерді тартып, қаржылық қолдау көрсетумен мектептің қатар   оқу-тәрбие іс-шараларының  ұйымдастырылуына жалпы демеушілерден 103800 (жүз үш мың сегіз жүз) теңге қаражат тартылған.