Төменгі сынып оқушыларының зейіндерін дамыту

Бастауыш сынып сатысындағы балалар арасында қарым – қатынас дағдылары қалыптаспаған, оқшауланған, гипер активті, зейіні тұрақсыз, есте сақтау қабілеті нашар оқушылар өте жиі кездеседі. Қарым – қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден – бір фактор болып табылады. Баланың тілін дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорын байыту,ойлауын,есте сақтауын, зейінін жетілдіруі осының бәрі аталған еңбекте қарастырылып психологтың баламен бірлескен іс-әрекетіне құрылған.

Берілген тапсырмаларды орындау екі кезеңнен тұрады:бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп,баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлануына ықпал ететін болса, екінші кезеңде ойын,жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып іс – әрекет тікелей орындау арқылы аталған психикалық процестердің дамуын анықтайды. Жаттығулардың бәрі баланың мектепте табысты оқуына ықпал жасайтыны сөзсіз.

Әр сабақтың соңында үйге тапсырмалар беріліп,баланың ата-анасымен бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.

Тапсырмаларды орындау барысында баланың іс – әрекетті орындауы қатесіз дұрыс болса төменгі мақтау сөздерімен ұштасады:

– Тамаша!

– Жарайсың!

– Жақсы!

– Өте жақсы!

Жақсы зейінге ие балалар жылдам, сондай – ақ өнімдірек жұмыс істейді.

Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.